the 1st presentation is about Bauirzhan Momyshuly

batyrbaeva17gf 1 views 12 slides Sep 16, 2025
Slide 1
Slide 1 of 12
Slide 1
1
Slide 2
2
Slide 3
3
Slide 4
4
Slide 5
5
Slide 6
6
Slide 7
7
Slide 8
8
Slide 9
9
Slide 10
10
Slide 11
11
Slide 12
12

About This Presentation

1st presentation is about Bauirzhan Momyshuly, 2nd is virtual excursion Kazakhstan.


Slide Content

Ұлттық рухтың
көсемі –
Бауыржан
Момышұлы
Дайындаған: Әділхан Фархат
Жетекшісі: Сарсенова Жібек
Махканбаевна

Міндеттері:
Бауыржан Момышұлы
туралы деректерді жан-
жақты жинау, талдау.
Әрбір қазақстандық
таныған жауынгер –
жазушының
данышпандығын пір
тұтып, ұлттық сана-
сезімін ояту.
Мақсаты: Бауыржан Момышұлының
шығармалары арқылы қазіргі заман
жастарына ұлттық рухқа тәрбиелеу,
көсемдігін таныту.

“ Батаменен ел көгерер” 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының
Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында өмірге келді. Атасы Имаш,
әжесі Қызтумас. Әкесі - Момыш. Анасы – Рәзия. Дулат тайпасының
батыры Шымыр руынан тарайды. 1921 жылы Аса мектеп - интернатында
оқиды. 1924 жылдан бастап Шымкент қаласында жеті жылдық мектепті
бітірген. 1928 жылы мектепті үздікке бітіреді. Автордың «Ұшқан ұя»
повесі – отбасындағы ұлттық тәрбиені балалық шағында алғаны туралы
айтылған үлгі-өнегеге толы кітап.

«Ұшқан ұя» повесі – ұлттық бала тәрбиесінің
қайнар көзі

1928-30жылдары бастауыш
мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
Бойында қазақша жігіттікке тән атбегілік өнері
де болыпты. Атқұлағында ойнағандықтан, асау
жылқыны бағындыра білетін қасиеті үшін ел
арасында «Шаң тимес» атанады. Сурет салу
өнері де болған. Адам портретін айнытпай
салады екен. Ақындық та қасиеті бар, тұнып
тұрған талант иесі.
Мен адаммын жаралған сүйек, еттен,
Менде де жан бар, менде де ар бар жан
тебіренткен,
Халқымның қарапайы бір ұлымын,
Жанымды арым үшін
құрбан еткен,-деген ақын бойында намыс-
жігерге толы өлең деп айтуға болады.

«Ұлт» - (Ағылш.Nation)- тіл, тарих, қандастық,
мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде
қалыптасқан адамдар қауымдастығы.  
«Рух» –даналық, тектілік, елдікті нығайтудағы ақыл-парасат, батырлық жеке адам
бойында бірігуі. «Көсем»- топ үшін маңызды, елеулі шешім қабылдайтын, топ
мүшесі, ең беделді тұлға.
Қазақ ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы «рух дегеніміз - таза ақыл»деген.

«Жігерлендіру дегеніміз- рухани күш беру, күш-
қуаттың тасуы, сергектік күйі»

Б. Момышұлы
«Жігерлендіру дегеніміз- рухани күш беру,
күш-қуаттың тасуы, сергектік күй» деп
Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысында
жауынгерлерді жігерлендіру әдісінде мақал-
мәтелдерді, қанатты сөздерді көп қолданып,
рух беріп отыратын көсем болған. «Арпалыс»
кітабында Александр Бек журналиске былай
деген екен. Кеудесінде ар-намысы жоқ адам ер
атанбайды, жауынгер боп жарытпайды. Қазақ
халқы «Қорыққанға қос көрінеді», «Қоянды
қамыс, ерді намыс өлтірер», «Жан арымның
садағасы», «Өлімнен ұят күшті» дейді. .

Б.Момышұлы - әскери педагог, әрі психолог екенінің бір дәлелін
айтайын. Белгілі сағатта роталарда әңгіме өткізіледі.Саяси
жетекшілер «Өлімге бас тік, шегінбе» деп біркелкі сөзді айтып
тәрбиелейді. Мұны естіген жауынгерлердің көздерінде мұң,
көңілдерінде қаяу көргенін айтады. Отанымыздың бостандығы,
өзіміздің болашағымыз үшін жүргізіліп жатқан осы сұрапыл
соғыста өмірді сүю, өмір сүруге жігерлендіру, былайша айтқанда,
бас сауғалау сезімі адамның қасы емес, досы, серігі болуға тиіс деп
білемін. Бірақ бұл сезімді өршітіп, әлсіз қалыптан қайратшыл
жігерге айналдырудың жолы қайсы?
Жетекшілер сөзін аяқтағанша күттім. Содан
соң бір қызыл әскерден:
Отан деген не, білемісің?-деп сұрадым.
Білем, жолдас комбат,-деді ол, орнынан тұрып.
Білсең, айта қойшы.
Отан дегеніміз – Совет Одағы, біздің жеріміз.
Сөйтіп, әр жауынгердің жауаптары бірдей болады.
Халқымыздың әмірін орындап, мен сендерді өлім үшін емес, өмір
үшін ұрысқа бастағым келеді! Осындай жігерлі сөзден кейін,
жауынгерлер жалма-жан бойларын түзеп, сапқа тізіле бастады.
Міне, қандай жалынды сөз, соғыс болмай-ақ қойсын, бірақ кейде
осындай рух беретін, күш-жігер беретін сергектік сөздерді
Б.Момышұлының шығармаларын оқып, көңілге түйіп жүрер әр
қазақ жастарының бойынан табылса деймін. Халық мәтелінде:
«Ептілік пен ерлік Ерге тән қасиет» екенін ұмытпайық.

орытынды
Қ
Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлы
шығармалар арқылы ұлт тағдыры жайлы толғанып, бүгінгі
ұрпаққа қалдырған баға жетпес өсиет, аманатына адал
болған, өзіне парыз деп санаған ұлы тұлғаның
шығармаларын тану-ұлттық рухты тану деп білдім. «Өз
халқыңның рухани ілімнен барынша қанып ішуге бар
күшіңді сал. Сонда ғана халықтың рухы қаныңа тарап,
жаныңды байыта түседі» деген көсем сөзімен ұлттық рух
беріп тұр. «Адал болу – қасиет, азамат болу – міндет,
патриот болу – парыз» деп қазақ ұлттының рухты сөзімен
Бауыржан Момышұлы көсемдігін танытты.
Биыл қазақтың қаһарман ұлы Кеңес Одағының Батыры,
даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының
туғанына 115 жыл толып отыр. Ол- елін, жерін жан- тәнімен
қорғаған, сонымен бірге ұлт руханиятына зор үлес қосқан
біртуар тұлға. Батырдың 115 жылдығын атап өту- ерлікті
ардақтап, ұрпақ жадында сақтаудың бір жолы. Қазір кейбір
құрбы-құрдастарымның бойында патриоттықты, намысты,
жігерді ұялату үшін Бауыржан Момышұлы сияқты ұлттық
рухтың көсемі болғым келеді.