Кіріспе 01 Педагогикалық дизайн анықтамалары 02 Педагогикалық дизайнның негізгі компоненттері және теориялық негіздері 04 05 Table of contents Тарихы және қалыптасуы 03 Педагогикалық дизайнның 5 танымал моделі 06 Қорытынды
Кіріспе Педагогикалық дизайн – бұл оқыту процесін тиімді ұ йымдастырудың ғылыми және әдістемелік негізі . Ол оқыту мақсаттарын , мазмұнын , әдіс тәсілдерін және бағалау жүйесін біртұтас жүйеге біріктіреді . Мақсаты : - білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып , сапалы оқу тәжірибесін қалыптастыру ; - оқыту процесін жүйелі , логикалық және нәтижеге бағытталған ету ; - оқу материалын тиімді құрылымдау арқылы оқу уәжін арттыру .
Ғалымдардың педагогикалық дизайн туралы анықтамалары R. Gagné (1985 ) “Pedagogical design — learning strictly based on pedagogical instruction.” Педагогикалық дизайн- оқыту процесі нақты педагогикалық нұсқаулықтарға сүйенетін жүйе . McArdle (1991) “ Pedagogical design is a systematic process for understanding learning problems, realizing what must be done to solve them, and implementing those solutions .” Педагогикалық дизайн - оқыту мәселелерін түсініп , оларды шешудің жүйелі жолдарын жүзеге асыру процесі . M.D . Merrill, L. Drake, M.J. Lacy, J. Pratt (1996 ) “ Pedagogical design is a scientific discipline focused on developing effective, rational, and comfortable ways and systems of learning that can be applied in professional teaching practice .” Педагогикалық дизайн - бұл ең тиімді , ұтымды және ыңғайлы оқыту жүйелері мен әдістерін жобалауға бағытталған ғылыми пән .
Тарихы және қалыптасуы 1950–1960 жж . – АҚШ-та инструктивтік дизайн ұғымы әскери білім беру жүйесінде қалыптаса бастады . Роберт Ганье ( R. Gagné ) педагогикалық дизайнның ғылыми негізін қалады.Ол “ Conditions of Learning” еңбегінде оқыту кезеңдерін анықтап , тиімді оқыту шарттарын сипаттады . Кейін бұл бағытты Б. Блум , Дж. Брунер , Д. Меррилл , Д. Джонассен секілді ғалымдар дамытты . Роберт Ганье : “ Effective instruction is based on understanding how people learn .” Джером Брунер : “ The purpose of education is to create autonomous learners who can think for themselves.”
Педагогикалық дизайнның негізгі компоненттері Мысал : Онлайн курс жобалауда мұғалім : мақсат қояды ( нені үйрету керек ), материал таңдайды ( бейне , мәтін , тапсырма ), нәтижені бағалайды (тест, эссе, пікірталас ).
Теориялық негіздері Теория Негізгі идея Ғалымдар Бихевиоризм Мінез-құлық пен нәтиже арасындағы байланыс. Б. Скиннер, Э. Торндайк Когнитивизм Ақпаратты қабылдау , өңдеу , есте сақтау . Р. Ганье , Ж. Пиаже Конструктивизм Білімді оқушының өзі құрастырады. Ж. Брунер , Д. Джонассен , Дж. Дьюи Джон Дьюи : “ Education is not preparation for life; education is life itself .” Бұл теориялар педагогикалық дизайнның философиялық және психологиялық негізін қалыптастырды .
Р. Ганье (1965) - Оқытудың 9 кезеңі Назар аударту Мақсаттармен таныстыру Алдыңғы білімді еске түсіру Жаңа материалды ұсыну Оқуды қолдау және бағыттау Білімді көрсетуге ынталандыру Кері байланыс беру Нәтижені бағалау Білімді практикада қолдану
Педагогикалық дизайнның 5 танымал моделі Модель Негізгі идеясы Ерекшелігі ADDIE Оқыту процесін бес кезеңмен (Анализ, Дизайн, Даму, Енгізу , Бағалау ) жоспарлау . Классикалық және құрылымды тәсіл. ASSURE Аудиторияны терең талдау және мультимедианы тиімді қолдану . Оқушыға бағытталған , бейімделгіш . ALD (Action Learning Design) Тәжірибелік әрекет арқылы оқу. Нақты жұмыс жағдайына ұқсас тапсырмалар . SAM (Successive Approximation Model) Курсты тез және икемді түрде дайындау. Прототиптер мен тестілеуді баса назарға алады . 4C/ID Күрделі дағдыларды меңгертуге арналған құрылымдық модель. Дағдыны біртіндеп қалыптастыру .
ADDIE моделі
Кезеңі Мазмұны Мақсаты Оқу процесінен мысал 1. Анализ ( Analysis) Оқытудың мақсаты мен міндеттері анықталады , білім алушылардың ерекшеліктері зерттеледі . Не үйрету керек және неліктен екенін түсіну. Мұғалім 8-сынып оқушыларының «Ньютон заңдары» тақырыбындағы бастапқы білімін тексеріп, қиындықтарын анықтайды. 2. Дизайн ( Design) Сабақ құрылымы мен әдістемелік жоспар құрылады , оқу материалдары мен бағалау түрлері таңдалады . Курстың немесе сабақтың логикалық құрылымын жасау . Сабақта тәжірибелер, интерактивті тапсырмалар және бейнематериалдар ретімен жоспарланады. 3. Даму ( Development) Оқу материалдары мен ресурстар дайындалады (презентациялар, бейнелер, жұмыс парақтары). Қолдануға дайын оқу ресурстарын әзірлеу . Мұғалім тәжірибелер видеосын, онлайн-тест пен жұмыс дәптерін дайындайды. 4. Енгізу ( Implementation) Дайындалған материалдар оқу процесінде қолданылады. Сабақты өткізу және оқушыларды белсенді қатыстыру . Сабақ кезінде мұғалім оқушыларға бейнересурс көрсетіп , топтық тәжірибе жасатады . 5. Бағалау ( Evaluation) Оқыту нәтижелері мен оқушылардың жетістіктері талданады, сабақ тиімділігі бағаланады. Оқу сапасын арттыру және кері байланыс алу. Мұғалім тест нәтижелерін , оқушылардың кері байланысын жинап , келесі сабақ жоспарын түзетеді .
ASSURE моделі
Кезең Атауы (ағылшынша) Мазмұны Оқу процесінен мысал A Analyze Learners ( Оқушыларды талдау ) Оқушылардың жас ерекшелігі, дайындық деңгейі, оқу стилі мен мотивациясын анықтау. Мысалы, 8-сынып оқушыларының физика пәніне қызығушылығы мен алдыңғы тақырыптарды меңгеру деңгейін анықтау үшін шағын сауалнама өткізу. S State Objectives ( Мақсаттарды анықтау ) Сабақтың немесе курстың нақты мақсаттарын қою - оқушылар сабақ соңында не білуі және не істей алуы тиіс екенін анықтау . Мақсат : « Оқушы Ньютонның екінші заңын түсіндіріп , күш пен үдеуді есептей алады ». S Select Methods, Media, and Materials ( Әдістер мен материалдарды таңдау) Тиімді әдістер мен мультимедиа құралдарын таңдау - бейнематериал , тәжірибе , симуляция және т.б . Мысалы , физика сабағында күш пен қозғалысты түсіндіру үшін анимациялық бейне мен PhET симуляциясын қолдану . U Utilize Media and Materials ( Мультимедианы қолдану) Таңдалған материалдарды сабақта қолдану және олардың тиімділігін тексеру. Мұғалім сабақта бейнеролик көрсетіп , одан кейін нақты мысал арқылы түсіндіреді . R Require Learner Participation ( Оқушылардың белсенді қатысуы) Оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру - талқылау , тәжірибе , тест, жоба және т.б . Мысалы , оқушылар өздері тәжірибе жасап , алынған нәтижелерді түсіндіреді немесе шағын топта есеп шығарады . E Evaluate and Revise ( Бағалау және жетілдіру) Сабақтың нәтижесін , оқушылардың жетістіктерін бағалау және қажет болса , оқу материалын жетілдіру . Мұғалім тест нәтижелерін талдап , оқушылар қиналған тұстар бойынша қосымша тапсырма береді .
ALD моделі
Кезең Атауы ( ағылшынша ) Мазмұны Оқу процесінен мысал A Action ( Іс-әрекет) Оқушылар шынайы немесе модельденген тапсырма арқылы жаңа білімді тәжірибеде қолданады. Мысалы, оқушылар «Энергияны үнемдеу» тақырыбында шағын жоба жасап, мектептегі энергия шығынын азайту жолдарын ұсынады. L Learning ( Оқу ) Іс-әрекет барысында оқушы жаңа білім мен дағдыларды меңгереді, талдау жасап, қорытынды шығарады. Жоба орындау кезінде оқушылар энергия түрлерін, тиімді пайдалану әдістерін және есептеу тәсілдерін үйренеді. D Design ( Дизайн) Мұғалім оқыту үдерісін жоспарлайды: мақсат қояды, тапсырмалар мен бағалау критерийлерін анықтайды. Мұғалім тапсырма құрылымын , бағалау критерийлерін және оқушылардың рөлдерін алдын ала жоспарлайды . ALD моделі
SAM моделі Бір қарағанда SAM моделі ALD моделіне ұқсайды.Алайда айырмашылығы - SAM финалдық нәтижеге кезең-кезеңімен жақындауға бағытталса , ALD нақты уақытта бейімделу мен жедел өзгерістер енгізуге басымдық береді . Кезең Атауы ( ағылшынша ) Мазмұны Оқу процесінен мысал 1 Preparation ( Дайындық ) Оқыту мақсаттары мен нәтижелері тез айқындалады . Терең талдау емес , жалпы бағыт белгіленеді . Мысалы , мұғалім оқушылардың зерттеу қабілеттерін арттыру мақсатында қысқаша жоба сабағын жоспарлайды . 2 Iterative Design ( Қайталау арқылы дизайн) Курстың немесе сабақтың алғашқы нұсқасы жасалып , шағын топта сынақтан өтеді . Мысалы, мұғалім интерактивті тапсырманың алғашқы нұсқасын шағын топқа көрсетіп, олардың кері байланысын жинайды. 3 Iterative Development ( Қайталау арқылы жетілдіру) Кері байланыс негізінде материал жетілдіріледі , тапсырмалар өзгертіледі немесе толықтырылады . Егер оқушылар сұрақтардың бір бөлігін түсінбесе , мұғалім оларды қайта құрастырып , келесі сабақта жаңартылған түрін қолданады .
4C/ID моделі - күрделі дағдыларды үйретудің тәсілі № Компонент атауы Сипаттамасы Оқу процесінен мысал 1 Оқу тапсырмалары ( Learning Tasks) Нақты өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар . Күрделі әрекеттер қарапайымнан күрделіге қарай бөлінеді . Мысалы , физика сабағында оқушылар алдымен ток күшін есептейді , кейін толық тізбек құрастырып , қуатты анықтайды . 2 Қолдаушы ақпарат ( Supportive Information) Тапсырманы орындауға көмектесетін теориялық түсініктер мен стратегиялар. Мұғалім тәжірибе алдында қысқаша теориялық нұсқаулық пен формулаларды түсіндіреді . 3 Орындау барысындағы ақпарат ( Just-in-Time Information) Жаттығу кезінде берілетін нұсқаулар мен көмекші материалдар. Тапсырма орындау кезінде оқушыларға қадамдық еске салғыштар мен кеңестер ұсынылады . 4 Жартылай тәжірибе ( Part-Task Practice) Нақты дағдыны бекітуге арналған шағын жаттығулар. Мысалы , есеп шығарудың белгілі бір кезеңін бірнеше рет қайталап орындау .
Қорытынды Педагогикалық дизайн - бұл жай ғана сабақ құрастыру емес , оқу тәжірибесін саналы түрде жобалау процесі . Ол оқушының мақсатына жету жолын нақты жоспарлап , теория мен практиканы үйлестіреді . Бүгінде ең танымал бес модель : ADDIE , ASSURE, ALD, SAM және 4 C/ID – әрқайсысы оқу процесін жобалауда өз артықшылықтарына ие : ADDIE – құрылым мен дәйектілік береді ; ASSURE – аудитория ерекшелігін ескереді ; ALD – икемді және жылдам бейімделеді ; SAM – нәтижеге итерациялық түрде жақындатады ; 4 C/ID – күрделі дағдыларды тәжірибе арқылы дамытады . Педагогикалық дизайнды тиімді қолдану арқылы : - оқу материалдары түсінікті , жүйелі және қызықты болады ; оқушы белсенді қатысады және білімін практикада қолдана алады ; оқыту нәтижесі нақты және өлшенетін деңгейге жетеді .