Lection-10-PZ.docx. Даристер жинагы. Курсабаев М

MuhamedrahimKursabaev1 33 views 10 slides Nov 04, 2024
Slide 1
Slide 1 of 10
Slide 1
1
Slide 2
2
Slide 3
3
Slide 4
4
Slide 5
5
Slide 6
6
Slide 7
7
Slide 8
8
Slide 9
9
Slide 10
10

About This Presentation

10-Дарис


Slide Content

«ПЕДАГОГИКА - 2023»
Дәріс №10. ПЕДАГОГТІҢ ЗЕРТТЕУШІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН НЫСАНДАРЫ.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Құралдар, формалар, оқыту әдістері оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиялық құрамдас бөлігі
ретінде.
2.Оқыту үрдісіндегі оқытудың негізгі құралдары және классификациясы.
3.Цифрлық білім ресурстары.
4.Оқытуды ұйымдастыру формалары (сыныптық-сабақтық, белл-ланкастерлік, мангеймлік,
батавтік білім беру жүйелері, Дальтон-жоспары, Трамп жоспары).
5.Заманауи мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары.
6.Тиімді оқыту және танымдық даму. Оқуға танымдық көзқарас (Ж.Пиаже, М.Монтессори,
Л.В.Выготский).
7.Білім беру мен оқытудың жаңа тұғырлары. Метатаным: метакогнитивті білім, реттеу, тәжірибе
(Флейвел).
8.Есте сақтау түрлері. Диалог арқылы оқыту.
9.Мердер бойынша әңгіме түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Школьная педагогика: Учебник/ Под ред. Г.Т.Хайруллина. – Алматы: изд. «МИР», 2012. – 640
стр.
2.Коджаспирова Г.М. Педагогика. – М., 2009.
3.Таубаева Ш, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. Педагогика. Оқулық. - Алматы: «ОНОН». 2017.
– 340 б.
4.Педагогика.- Алматы:KazBookTrade, 2017- 260 с. (Хан Н.Н., Жампеисова К.К. Колумбаева
Ш.Ж.).
5.Булатова О.С. Искусство современного урока: уч. пособие. – М.: Академия, 2008. – 256 с.
Дәріс мазмұны
Бүгінде ЖОО ғасырлар бойы жинақталған білім даналығының келбеті болып табылады және
өскелең ұрпақ студенттердің тынысы мен қуаты, заманауи ғылыми мектептер мен болашақ кәсіби
мамандыққа ұмтылған жастар, зерттеу мен оқудың ынтымақтастығы, рух еркіндігі және жастар мен
алдыңғы буынның диалогы, бұл үнемі сурақтарға жауап іздеу, динамикалық даму мен жаңалық ашудың
қуанышты сәттері, жастықтың жалыны, даналық ой мен өмір тәжірибесінің қайнаған ортасы.
Сабақты қалай өміршең, қызық және пайдалы қылып өткізген абзал? «Рух даналығын» қалай
сақтап оны жас буынға жеткізбек керек? Күнделікті студент университеттен шыққанда бүгін мен қандай
жаңа және пайдалы ақпарат алдым деу үшін не істеу керек? Студент пен оқытушы өзара іс-әрекет пен
қарым-қанытастан қанағаттануын қалай жүзеге асыру керек? Болашақ маман ретінде студент заманауи
өзгерістерге сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешу үшін не істеу керек?
Осы сурақтардың жауабын алудың қарапайым тұғыры – оқытудағы инновацияларды белсенді
қолдану, немесе оқуытудың инновациялық әдістері ұстаздың жаңа «қаруына» айналу керек.
Бір жағынан инновациялар педагогтың жұмыс әдісін оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекет
пен қарым-қанытасын өзгертеді, екіншіден – инновациялар педагогтың ойлауын түрлендіріп, оқытушы
мен студенттердің практикалық жұмысының философиясы болып табылады.
Оқытудың жаңа әдістері – педагогтың меңгеруге тиісті, қолдану философиясы бар, үнемі күтуді
қажет ететін, өзгеріске ұшырайтын «көп қызметті қаруы» деуге болады.
Оқытудағы инновация деп біз нені түсінеміз? Оқытудың инновациялық әдістері деген не?
Инновациялар (лат.ауд. in – ішінде, nove – жаңа) – жаңалық енгізу, жаңа бастама, жаңалық
жаршысы. Инновация – жаңалықты меңгеру және енгізу. Жаңалық – жаңаның мәні, тәсілі, әдістемесі,
технологиясы және мазмұнын жеткізу құбылысы. Инновациялық үрдіс – білім мазмұнын қалыптастыру
және дамытуға қажетті жаңалықты енгізудің ұйымдағы кешенді әрекеті.

Жаңалық енгізу, жаңалық ретінде, және практикаға жаңалық енгізу үрдісі ретінде мақсатты,
новатор атайтын адамдардың әрекеттерін ұйымдастыру үрдісі.
Оқытудың инновациялық әдістері – «оқытушы – студент» қатынастарының жаңа тәсілдерін
тасымалдаушы жаңа әдістер, практикалық жұмыс пен оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі
жаңалықтар.
Оқыту әдістері ойдағы мақсат, міндеттер, оқытудың мазмұны мен қағидаларын жүзеге асыру
тетіктері болып табылады.
Сондай–ақ, оқыту әдістері оқыту үрдісінің қозғаушы күші болып табылады және қоғам
талаптары мен білім беру үрдісінің даму тенденцияларына сәйкес болу керек. Оқытудың жаңа әдістері
мен әдістемелерін енгізу арқылы жалпы оқыту мен білім беру үрдісінің реформасы жүреді және оны әр
оқытушы нақты сабақта қолдана алады.
Студенттердің оқу сапасын арттыру оқыту түрлі әдістерін, тақырыпқа сәйкес тиімді қолданып,
оқу үрдісіндегі субъект–субъектілі қатынастарды белсендіру байланысты.
Оқу әдістерін таңдау әртүрлі пәндерге қолданылатын оқу материалының мазмұны мен оқу
мақсаттарына негізделеді.
Оқу үрдісінде инновациялық оқу әдістерін қолдану қажеттілігі келесіге сәйкес:
1) Қазіргі таңда – инновациялар, жаңалықтар, жаңашылдық уақыты. Күнделікті біз жаңа тауар
мен өнім, жаңа білім, тың идеялар көреміз. Демек оқу үрдісі мен оқыту әдістері соған сәйкес болу керек.
2) Оытудың инновациялық әдістеріне бейімдеу, оларды тұрақты қолдану студенттердің ойлауын
жаңалыққа ашық болуларын, алысқа меңзеп оқытуға мүмкіндік береді, өйткені осы қабілеттер
инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады.
3) Оқытудың инновациялық әдістері – бұл белсенді оқыту әдістері және Х.Е. Майхнерды,
педагогикалық эксперименталды деректерінде олардың оқу үрдісіндегі тиімділігін дәлелдейді.
Тәлімгерлер ақпаратты келесідей есте сақтайды:
10% оқығанын;
20% естігенін;
30% көргенін;
50% естіп, көргенін;
ақпаратты белсенді қабылдағанда 80% есте қалады, 90% өздері жасаған есте қалады.
Оқыту құралдарын түрлі негізде топтастыруға болады. Мысалы, нысандар құрылымы бойынша
материалды және идеалды оқыту құралдары бар. Материалды құралдарға оқулықтар, көрнекі
құралдардың барлық түрлері, оқу–техникалық құралдар, жабдықтар және жиһаз тсс жатады. Идеалды
оқу құралдарына жаңа оқу ақпаратын меңгергенде оқытушы мен оқушылардың алдыңғы алған білімдері
және дағдыларын қолдану, оқушылар ұжымындағы ахуал әсер етеді. Осы топқа мұғалімнің сөйлеу
мәнерін де жатқызуға болады, өйткені осы екі түрлі құрал өзара байланысты. Оқытудың идеалды
құралдары тәлімгерлерді сөйлеу мәдениеті әлеміне және логикалық ойлауға жетелейді. Материалдық
құралдар оқушылардың қызығушылығын оқу мазмұнына, практикалық әрекеттерді жүзеге асыруға және
жаңа білімді меңгеруге бағыттайды. Сондықтан, оқытудың материалдық және идеалды құралдары бірін
бірі өзара толықтырып, оқу үрдісінің тиімділігіне ықпал етеді.
Оқу құралдарын оқу үрдісінде аталған құралдың алатын орны бойынша топтастыруға болады.
Сонда жаңа материалды меңгеру құралы, есте сақтау құралы, қайталау және бекіту құралдары,
оқушылардың білімін бақылау құралы, оқу үрдісін басқару құралдары, оқытудың ақпараттық құралдары
туралы айтылады.
Оқу құралдары нақты қызмет орындайды және сол қызмет түрлері бойынша қарым–қатынас
құралдары және оқу жұмысы құралдары болып бөлінеді. Қарым –қатынас мұғалімнің оқу ақпаратын
жеткізіп, оқушылардың оны қабылдап, түсініп, есте сақтаумен жүзеге асады. Ақпаратты ұсыну ауызша
немесе жазбаша сөйлеу тілі арқылы, басқа да оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады.
Басқа да топтастыру түрлері кездесуі мүмкін және оқу құралдарын топтастыру шартты болып
табылады.
Барлық дамыған елдерде оқытуды ұйымдастырудың негізі формасы сыныптар бойынша сабақ
болып табылады (сыныптық сабақ формасы), сол жерде оқушылардың оқу–танымдық әрекетін тиімді
ұйымдастыруға жағдай жасалған. Сабақ – оқу үрдісінің элементі (кезеңі, буыны), өйткені мағыналық,
уақыттық және ұйымдастыру жағынан аяқталуы болады. Оқу үрдісін ұйымдастырудың сыныптық–
сабақ формасы мұғалімнің белгіленген мерзімде сыныптың, тұрақты құрамдағы жас ерекшелігі мен
дайындық деңгейң бірдей оқушылар тобымен оқу–танымдық әрекетін ұйымдастыру. Бұл форма
оқушылардың оқу–танымдық әрекетін барлығына ортақ бағдарламамен кесте бойынша ұйымдастыру.
Сабақ формасын айтқанда әдетте сыныптық–сабақ формасын меңзейді, және оның келесі белгілері бар:

Оқушылардың жас айырмашылығы және дайындық деңгейі бірдей;
Әр сабақ нақты пән аясында бір тақырыпта өтеді;
Сабақтар оқу пәндері бойынша алмасып отырады;
Оқу үрдісінде мұғалімнің басшылық орны жүзеге асады;
Оқушының танымдық белсенділік түрлері қолданады.
Сабақ (сыныптық–сабақ формасы) мұғалім мен оқушының топтық–жеке қатынаспен шектеледі.
Бұл қарым қатынас оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ету керек, олардың
әрекет және қатынас орнату тәжірибесін дамыту қажет. Сабақ оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде
және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру формасы болып табылады. Сабақтың қызметі оқу
мақсатының бөлшегіне қол жеткізу.
Ауызша (вербалды) оқыту құралы оқытушы мен білім алушыының сөйлеу тілінде жүзеге асады
және сөйлеу тілі арқылы қарым–қатынас орнату, оқу ақпаратын жеткізу және қабылдау, түсіну және
есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту тсс қызметін атқарады. Сөйлеу арқылы қатынас орнату үрдісінде
оқушылар тәртіп нормасын, адамгершілік–эстетикалық құндылықтармен алмасады.
Мұғалімнің сөйлеуі ұйымдасқан оқытудың маңызды құралы болып табылады және оқушыларға
әсер ету күші және ұзақтығы бойынша оқытудың барлық құралдарынан басымдырақ болып табылады.
Оқытудық ауызша сөйлеу құралы оқытудың барлық деңгейінде қолданылады және оның басқа оқыту
құралдарынан ерекшелігі осыда. Басқа оқу құралдары сөйлеу тіліне қосымша болып табылады. Кез
келген ауызша сөз оны қалай айтсаң да оқу үрдісінің аса тиімділігін қамтамасыз етеді деп айтуға
болмайды. Оқытудың ауызша сөйлеу құралын тиімді қызмет атқару үшін кейбір талаптарға сай болуы
керек. Мұғалімнің ауызша сөйлеуі дұрыс, мінсіз, нанымды, нақты болуы тиіс. Сөйлеу тілінің
қарапайымдылығы мен шынайылығы, тазалығы мен өміршеңдігі – оның әрекеттігінің маңызды шарты.
Оқу сабақтары – оқытушы мен тәлімгерлердің өзара әрекеттер жүйесі, сондай–ақ, студенттердің
дара және өздігімен білім алуы білім беру үрдісінің негізі болып табылады. Осы анықтама оқыту
формасы және оқытуды ұйымдастыру формасының аражігін ажыратуға көмектеседі. Оқыту формасы
оқу үрдісіне қатысушылардың санына сәйкес анықталған, ал оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы оқу
үрдісінін жеке буындық құрылымын демек сабақ түрін сипаттайды. Жалпы білім беретін мектептер
практикасында оқытудың келесі формалары бар: сабақ, дәріс, семинар, зертханалық–практикалық сабақ,
практикум, факультатив, саяхат, өндірістік практика, үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ және т.б
Белл-Ланкастер өз ара оқыту жүйесі – бастауыш мектепте оқыту әдістерін ұйымдастыру жүйесі.
Жоғары сыныптың үлгерімі жақсы оқушылары мұғалімнің жетекшілімен, оларға көмекші болып
оқушылармен сабақ жүргізеді. Өз аталуын бір біріне тәуелсіз оқытудың ұқсас әдісін ұсынған ағылшын
педагогтары А.Белл және Дж. Ланкастер аттарымен аталған.
Мангейм жүйесі XIX ғасырдың аяғында өзінің авторы Й. Зиккингердің арқасында Германияның
аталмыш қаласында пайда болып, алғашқы рет тәжірибеден өткізілген. Мангейм оқыту жүйесі –
сыныптық–сабақтың жүйенің баламасы ретінде ұсынылып, оқушыларға жаңа ақпаратты ұсыну олардың
қабілетіне байланысты деп есептейді. Жүйе бойынша оқушыларды жас ерекшелігі мен оқу деңгейіне
ғана емес, сондай–ақ, олардың қабілетіне қарай бөлу ұсынылған. Осылай 4 сынып пайда болды:
1 орта қабілеті бар оқушылар.
2 күрделі бағдарламамен жұмыс жасауға дайын дарынды оқушылар. Оларды шет тілдер сыныбы
деп атаған және олардың мектеп бітірген соң да оқуға мүмкіндіктері болған.
3 қабілеттері төмен оқушылар.
4 ақыл ойы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар.
Сыныптық–сабақтық жүйеден басқа айырмашылығы болмаған: сыныптың тұрақты құрамы, 45
минуттық сабақ, мұғалімінің басымды ролі. Бүгінде Мангейм жүйесі көп тарамаған және
жеткіліксіздігінен танымалдығын жоғалтқан.
Оқытудың Батавиялық жүйесі
1898 жылы Батавия қаласында (АҚШ, Нью–Йорк штаты) жергілікті мектептегі оқушылар саны
көптігінен бір сыныпта 53 оқушы оқыған. Қоныс аударушылар мен көшпенді адамдардың көптігінен бұл
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бұл америкалық мектептердің үйреншікті мәселесі болған.
Жағдай оқушылардың түрлі құрамынан күрделенді, өйткені олар түрлі мәдениет, әртүрлі ұлттар және
діни конфессия өкілдері болатын. Мектеп инспекторы Джон Кеннеди 1914 жылы оқытудың жаңа
жүйесін қолданып ол туралы өз кітабында жазған.
Батавиялық жүйеде оқу үрдісі екіге бөлінеді:
1)бүкіл сыныппен өткізілетін сабақтар;
2)жеке сабақтар (үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу немесе үлгерімі жақсы, өз
сыныптастарынан қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүргізу).

Демек, Батавияда сыныптық–сабақтық оқыту жеке жұмыспен толықтырылды және олар жүйелі
түрде өткізіліп оқу жұмысының жалпы жүйесінің толық бірлігі болды.
Дальтон–жоспары оқу үрдісін жаңадан жоспарлау және ұйымдастыру тәсілі Дальтон қ,
(Массачусетс штаты) мектептерінде қолданған және оның басқа атаулары: зертханалық жүйе,
шеберханалар жүйесі атаулары бар. Бұл жүйені америкалық мұғалім Елена Паркхерст ұсынған және
сыныптық–сабақтық оқытудан бірден көзге түсетін айырмашылығы: негізгі оқыту сыныптағы сабақта
емес жеке зерханада, шеберханада, кабинетте, кітапханада орындалады. Дальтон жоспары бойынша
оқытудың мақсаты жеке оқытуды ұйымдастыру әр оқушының ерекшелігіне сәйкес жүргізілу керек.
Дальтон–жоспарында жаңа материалды мұғалім түсіндірмейді, оның жұмысы оқушылардың
жұмысын ұйымдастырып оларға қажет көмек көрсетумен шектеледі.
Американдық Трамп жоспары оқушылар үлкен топтарда (100-150 оқушылармен) жалпы уақыттың
40% бірге болуы;
-ал 20% - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арналған.
Белсенді әдіске дидактикалық ойын жатады, ол қандай да бір оқу міндетін шешуге арналған
ойын түрінде бәсекелестік ұжымдық оқу әрекеті болып табылады. Дидактикалық ойын оқушылардың
эмоционалды ойын белсенділігі кезеңінде оқуға және ынталануын дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық
ойында қатысушылардың нақты жағдайлары, операциялары мен әрекеттері қарапайым үлгіде беріледі.
Алдын ала нақты ойын ережелері анықталады, соған сәйкес ойынға қатысушы команда ойыншылары
топ мүшелерінің ортақ әрекеттері ұйымдастырылады. Ойын нәтижелерін қорытындылағанда
қатысушылардың белсенділігіне көңіл аударылады, өзгеріске ұшыраған жағдайда шешім қабылдай білуі
және сол шешімнің тиімділігі.
Дидактикалық ойынның өтуі мен даярлауды келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Негізгі мақсатты қойып оны шешу міндеттерін қою.
2. Дидактикалық ойын үлгісін таңдау.
3. Ойнайтын ролдерінің функцияларын және негізгі ережелерді құрастыру.
4. Оқушыларды ойынға қатысуға дайындау (ойын ережелерімен таныстыру, ойын тақырыбы
бойынша теориялық дайындық, ойындағы ролдерге бөлу және т.б).
5. Ойын барысында қажет болған жағдайда түзетулер енгізе отырып жүргізу.
6. Ойынды қорытындылау және талдау.
Дидактикалық ойын, басқа да ойын түрінде оқыту әдістері сияқты, оқушылардың белсенділігін
арттыратын әдістердің бірі ретінде практик-мұғалімдердің назарында. Дегенмен бұл әдіс басқа әдістерді
алмастыра алмайды және оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін басқа белгілі әдістермен қатар
қолданылады.
Жеке оқыту үлгерімі төмен, дайындығы нашар оқушылардан жиі сұрауға бағытталған. Аталған
санаттағы оқушыларға тапсырманы бағалау кезінде де аса назар аударған абзал. Жеке оқыту сондай-ақ
мұғалімнің нақты тапсырмасын орындау кезінде де жүргізілуі мүмкін. Ондай жұмыстар жіктеліп
мұғалімнің тілекелей қатысы болмаса да жүргізіледі: жаттығулар, бақылау жұмыстары, баяндама және
рефераттар дайындау, оқулықпен жұмыс жасау, үлгілеу, практикалық және сызба жұмыстары,
көрнекілік жасау, шығармашылық жұмыстар (шығармалар және есеп, практикалық тапсырмалар құру
және т.б).
Топтық жұмыс ынтымақтастық қағидасына негізделген және дұрыс ұйымдастырған жағдайда
негізінде оның барысында жеке жұмыс жүргізуге болады. Осындай жағдайда әр оқушының жұмысын
және нәтижесін жеке бағалау мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс барысында жұмысты жекелеу
оқушылардың оқу әрекетіне шағын ортаның ықпалы артады.
Сандық білім беру ресурсы (СБР) білім беру компьпютерді қолдануын қажет ететін өнім.
СБР сабақтың барлық кезеңінде қолданған орынды: білімді өзектендіру, білім, білік, дағдыны
бақылау және бағалаудан үй тапсырмасын орындауға дейін. СБР қолдану және жаңасын құрастыру көп
жоспарлы.
СБР оқу үрдісін ұйымдастыруға қажет және сандық үлгіде ұсынылған фотолар, видеобейнелер,
үлгілер, ролдік ойындар, картографиялық материалдар сабақ жоспары бойынша нақты тақырыптың
мазмұнына сәйкес алынады және қажетті әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етілген.
Қазіргі кезде СБР оқу үрдісіне ендіру біркелкі жүргізіліп жатқан жоқ, өйткені АКТ педагог
жұмысының тиімділігін арттыру үшін ақпараттық ресурсты және технологиялар, олардың мүмкіндігін
біліп белсенді қолданушылармен қатар қолдануды білмейтін ұстаздар жеткілікті. Аталған құзыреттілікті
оқушыларда қалыптастыру үшін мұғалім өзі ақпараттық коммуникациялық технологияларды жетік
меңгеріп, түрлі СБР түрлерін ажыратып, түрлі педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндігі болуы

керек: оқушыларды ынталандыру, мақсаттар мен міндеттер қою, педагогикалық әрекеттерді
ұйымдастыру, өз әрекеттерін бағалау.
Тәрбие жұмысының түрлі топтамасы бар және олар келесі:
1)Қатысушылар құрамы бойынша (жеке, шағын топтық, ұжымдық, фронталды); оқу үрдісінде
тұтас педагогикалық үрдісті қолдану (дәріс, семинар, факультатив, пікірталас және т.б); дәрісте,
семинарда және одан тыс (жұптық жұмыс, шағын топтарды жұмыс, оқулық кездесу және т.б)
танымдық белсенділікті көшіру; сабақтан тыс кезде (пікірталас, дебаттар, тренингтер, студенттер
конференциясы, пәндік кештер, түрлі олимпиадалар және т.с) оқушылардың өзара қатынасы;
2)Әрекеттер түрі бойынша (оқу, еңбек, спорт, көркем сурет және т.б); педагогтардың ықпал ету
тәсілі (тікелей, жанама); өткізілу уақыты бойынша (қысқа мерзімді бірнеше минуттан бірнше
күнге дейін); ұзақтығы бойынша (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі
(қайталанатын); дайындық уақыты бойынша (алдын ала дайындыққа оқушыларды енгізбейтін
формасы және сондай дайындықты қарастыратын түрлері); ұйымдастырушылары бойынша
(балалардың әрекетін ұстаздары немесе басқа ересек адамдар ұйымдастырады), әрекет
ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады, әрекеттің бастамашылары және оның
ұйымдастырушылары оқушылар; нәтижесі бойынша (нәтижесі ақпарат алмасу формалары,
нәтижелері ортақ шешімге (пікірге) келу формасы, нәтижесі қоғамдық маңызды өнім.
Барлық топтастыру өзара байланысты:
Тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтан тыс тәрбие жұмысы формаларын топтастыру:
1)мектеп өмірін басқару және өзін-өзі басқару формалары – жиналыстар, органдарының
кездесулері және т.б;
2)танымдық формалары – экскурсиялар, саяхаттар, фестивальдар, ауызша журналдар, ақпараттар,
газеттер, тақырыптық кештер, студиялар, секциялар, көрмелер және т.б;
3)танымдық формалар – ертеңгіліктер, кештер және т.б.
Басымдылық бөлігі бойынша тәрбие жұмысын топтастыру формасы, ұстаздың ықпал
ететін бір немесе бірнеше әрекет (шаралар) ету әдісі бойынша (сөз, уайымдау, жұмыс,
психологиялық жаттығу); сөзбен логикалық, көркем бейне, еңбек, ойын, психологиялық.
Сабақтан басқа қосалқы, сыныптан тыс, сыбақтан тыс, өздігінен және т.б аталатын оқуды
ұіымдастыру түрлері бар. Олар: экскурсиялар, семинарлар, факультатив сабақтары, қосымша сабақтар,
кеңес беру және т.с.
Экскурсия (лат. сыртқа шығу, бару) оқушылардың білімді қабылдау және меңгеруі зерттеу
нысаны орналасқан жерге барып танысу арқылы жүзеге асатын сабақты ұйымдастыру формасы.
Ол келесі дидактикалық қызметтері бар: көрнекілік ұстанымын іске асыру, оқытудың ғылыми
негізін арттыру және өмірмен байланысты күшейту, қазіргі таңдағы өндіріспен заманауи маманмен
танысу.
Экскурсия түрлері:
- өндірістік, индустриялық және ауылшаруашылық кәсіпорындарды, құрылыс алаңдарына және т.б
бару;
- жаратылыстану: зообақ, орман, шабындықтар және т.б;
- тарихи-әдебиет: мұражайда, көрмелерде, сүрет галлереяларында, кітап қоймаларында экспонаттарды
зерделеу, тарихи ескерткіштермен танысу;,
- өлкетану: тарихи ескерткіштер мен табиғат нысандарына
Материал орнының негізіндегі топтастыру бойынша келесі экскурсия түрлері бар: кіріспе
экскурсия (алдын ала), ағымдағы (қолдаушы), қорытынды. Тағы да басқа топтастырулар бар.
Қандай экскурсия болса да оқыту жүйесінде орны бар. Ол экскурсияның мазмұнына және оның
оқу материалымен байланыстыратын кіріспе әңгімеден басталады. Экскурсия қорытынды талқылаумен
және оның нәтижесін рәсімдеумен аяқталады. Экскурсия алдын ала дайындалып мақсаттары, баруға
тиісті нысандары, жұмыс мазмұны айқындалып, қауіпсіздік шаралары қарастырылады. Экскурсияны
дайындау және өткізу келесі талаптарға сай болу керек:
- мақсаты айқын болу (мақсаттардың өзара байланыс жүйесі);
- экскурсия өткізу нысанының негіздеп таңдау;
- оқушыларға не көріп, не білу керек туралы нұсқаулар;
- жүргізетін адамды анықтау (оның жұмыс мазмұнын нақтылау);
- нақты хронология бойынша өткізу жоспарын дайындау;
- оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдерін анықтау;
- қорытындылау түрі және оқушылардың рәсімдеу талаптарымен таныстыру (шығарма,
конференция, реферат, көрме және т.б).

Бірініші сынып оқушыларына 40 минут, жоғары сынып оқушыларына екі жарым сағатқа дейін
өткізілуі тиіс. Қауіпсіздік шараларын алдын алып, аса назар аудару қажет.
Семинар – зерделеу тақырыбы бойынша баяндама, реферат түрлерінде оқушылардың топтық
талқылау арқылы өтетін сабақ формасы. Семинар сабақтары оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін
өздігімен күшейтуге бағытталған және оқу материалын жүйелі түрде жалпылауға жағдай туындатады.
Семинар сабақтарында оқушылар көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді, реферат, баяндама жасайды, өз
ойын, пікірін жеткізу дағдысы қалыптасады, өздігімен білім алуды үйренеді.
Семинар сабақтары алдын ала мақсатты түрде дайындықпен өткізіледі және талқылауға тиісті
сурақтар анықталып, сабақ жоспарымен таныстырылады.
Семинар сабақтарының түрлері: семинар-әңгімелесу, семинар-тыңдау, семинар-пікірталас.
Семинар-әңгімелесу жоспар бойынша ашық әңгімелесу түрінде өтеді және қатысушылардың барлық
сурақтарға дайын болуын меңзейді, өйткені мәселені жан жақты белсенді талқылау арқылы білім
алушылардың белсенділігі артады және бірін бірі толықтырып талқылауға толық мүмкіндік бар.
Семинар-тыңдау сурақтары алдын ала қатысушыларға беріледі және олар баяндама және хабарлама
дайындайды. Семинардың бұл түрі оқушылардың оқу материалын терең талдауға қол жеткізеді.
Семинар-пікірталас қатысушылардың өзара қатынас орнатып мәселені ұжымдық талқылап оның
шешімін табумен ерекшеленеді. Семинардың бұл түрі бағалауды, пікір алмасуды, өз ойын жеткізе алу,
көзқарасын мен сенімдерін негіздеп қорғауға үйретеді.
Оқу конференциясы семинарға ұқсастығымен ерекшеленеді және оқушылардың білімін бекіту
мен жетілдіруге, шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Конференция әдетте
бірнеше оқу топтарымен жүргізіледі және алдын ала тақырыптар мен талқылауға тиісті сурақтар
анықталады. Оқушылармен бірге талқылауға тиісті сурақтарды анықтау олардың қызығушылығын
арттырады. Баяндама және рефераттар тақырыбы беріліп баяндамашылар анықталады. Семинар
сабақтарына қарағанда конференцияға ұсынылатын баяндама мазмұндарына және баяндамашыларға
талап жоғары болады. Әдебиеттер тізімі ұлғаяды, конференция құрылымы семинар сабақтың
құрылымына ұқсас келеді.
Факультатив сабақтары (лат. «мүмкін болар») 7-12 сыныптарда енгізуге болады және
оқушылардың таңдауы мен тілектері бойынша пәнді терең зерделеуді меңзейді. Факультативтер
ғылыми-теориялық білімдері мен оқушылардың практикалық біліктіліктерін арттыруға, оқу-танымдық
қызығушылықтарын дамытуға, кәсіби бағдар беру міндеттерін шешуге бағытталған. Факультатив
теориялық білімді зерделеуге немесе практикалық біліктілік пен дағдыны меңгеруге арналуы мүмкін,
мазмұны теориялық және практикалық сурақтарды қамтитын аралас болуы мүмкін. Сабақ, семинар,
пікірталас, экскурсия және т.б түрлерінде өткізуге болады.
Оқытудың аталған түрінің ерекшелігі оның таңдау еркіндігінде, факультатив сабақтарына
оқушылар өз еркімен қатысады және онда әртүрлі жастағы оқушылар қатыса алады және кесте бойынша
сабақтан тыс уақытта өтеді. Негізгі білім беру міндеттеріне байланысты келесідей факультативтер бар:
-оқу пәндерін тереңдетіп оқуға арналған (оқу бағдаламасында жоқ тақырыптарды да);
-оқу жоспарында жоқ қосымша пәндірді оқу;
-нақты мамандық бойынша қосымша пәнді оқып практикалық дағдыны қалыптастыру.
Дәстүрлі оқыту қайталанатын жағдайларда әрекет ережелерін меңгеруге бағытталған.
Инновациялық оқыту жаңа, болашақта белгісіз жағдайларда және жаңа белгісіз болып көрінгенімен
заманауи кезеңдегі, жылдам өзгерістердегі әрекеттерді меңгеруге бағдарланған.
Біздің ойымызша ақпараттық деп аталатын қазіргі кезеңдегі қоғамның даму деңгейін
инновациялық деп қарастыруға болады. Оның ақпаратқа негізделген, ал ақпараттың үш қасиеті бар,
олар: жаңалық, қарқыны және әртүрлілігі.
Сонымен, аталған үш қасиет қоғамды және қоғамдық институт ретінде білім беру саласын
сипаттайды. О. Тоффлер бойынша ақпарат көздерінің ұлғаюы қоғамда ақпараттың жылдам таралып,
үнемі жаңалық пайда болады. Егер де адам, компания, мектеп, жоо, мемлекет және сондай қоғамда
табысты болғысы келсе және ол инновацияларды енгізеді және жүргізеді, өйткені бұл уақыт талабы
және заңдылық.
Инновациялық оқыту – «қалыпты» оқытуға қатысты білім алудың балама түрі. Мектепте оқушы
келесі икем, дағдыларды меңгеруі тиіс: бастамашылық, ынтымақтастық, ұжымды жұмыс істеу,
өзара оқыту, бағалау, қарым-қатынас, логикалық ойлау, мәселені шешу, шешім қабылдау,
ақпарат алу және оны пайдалану, жоспарлау, оқи білу, көпмәдениетті дағдылар.
Инновациялық оқыту ерекшеліктері;
-алдын божамдам әрекет ету;
-болашаққа ашықтық;

-үнемі тынымсыздық;
-тұлғаға, оның дамуына бағытталу;
-шығармашылық элементтерінің болуы;
-серіктестік қатынастар: ынтымақтастық, шығармашылық, өзара көмек және т.б.
Шығармашылық – сапалы, жаңашылдық, өзгешелік, қоғамдық тарихи ерекшелік
туындататын әрекет. Шығармашыл тұлғаның қиялы мен түйсігі шексіз.
Білім беру түсінігін алынған нәтиже немесе тиімді тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Зерттеу
әдебиетін сараптау бойынша нәтижелер санатына сәйкес оқытудың замануи бес тұжырымдамасында
қарастыруға болатынын пайымдауға болады:
1.Білім беру білім санын ұлғайту. Осы үрдістің нәтижесінде білімнің саны артады. (негізгі міндет -
«көп білу»)
2.Оқу жадында сақтау ретінде. Үрдістің нәтижесі – қажет жағдайда еске түсетін жадында
сақталған ақпарат көлемінің көбеюі.
3.Оқу ақпарат алу ретінде. Үрдістің нәтижесі - қажет жағдайда жадында сақталып қолдануға
болатын фактілер, дағдылар мен әдістердің мағызды көлемі.
4.Оқу мағынасын түсіну мен маңыздылығын анықтау. Үрдістің нәтижесі оқушының заттың
құрамдас бөлшегі мен шынайы әлеммен байланыс орнату.
5.Оқу шынайы өмірді өзгеше түсіну және түсіндіру. Үрдістің нәтижесі – өз білімімен әлемді
тануға дайын болуы.
1-3 тұжырымдары білім алуды оқушыға қарасты сыртқы фактор деп қарастырады, өйткені бұл
үрдісді 1 санатының нәтижелерімен мұғалім жүргізеді. Оқу үрдісінің алғашқы үш тұжырымы
білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге баруды» еске түсіреді. 4 және 5 тұжырымдардың
нәтижесін тізімдегі алғашқы үшеуінің нәтижесінен айырмашылығын айта кету керек. 4 және 5
тұжырымдар аса күрделі, жаңа түсіндірмелер ұсынып білім алу үрдісін ақпаратты қабылдау мен
жадында сақтау шекарасынан шығарады. Осы тұжырымдар «ішкі» 4 және 5 тұжырымдардың,
оқытудың тұлғалық аспектісіне бағытталған, соған сәйкес білім беру үрдісі оқушыға шынайы
әлемді тану құбылысы ретінде қарастырылады.
Сондай әрекеттер білім алудың – өте күрделі және жеке дара оқыту үрдісі екенін дәлелдейді.
Демек, білмеген адам басқаның қалай білім алып жүргенінен бейхабар. Оқу үрдісі тәртібін
бақылау, ойлау қабілеттерінің, есте сақтау және қабылдау үрдістері арқылы зерделенген.
Заманауи зерттеулер тұлғаны толық қарастырып, білім алушылардың оқушылар ретінде
сезімдерін қарастырып олардың білім беру үрдісінде өзара қарым қатынастарын зерделейді.
Оқудағы когнитивті тәсіл – миды тиімді қолдану арқылы оқытуға бағытталған үлгісі.
Когнитивті оқыту үрдісін түсіну үшін «таным» терминінің мағынасын қарастыру қажет. «Таным» –
білімді ақылмен алу үрдісі және оны сезім, тәжірибе және ой арқылы түйсіну.
Швейцария психологы Жан Пиаженың құрылымдық тұжырымы бойынша, адам қоршаған
ортамен қарым-қатынас орнатудағы өз әрекеттері арқылы когнитивті қабілеттерін өздігінен
құрастыра алады.
Монтессори әдісі – дайындалған дидактикалық ортаны қолдана отырып бала өздігімен дамиды
деп пайымдаған педагогикалық жүйе. Монтессори педагогикасы еркін тәрбиелеу ойында құрылған,
демек баланың дамуы табиғи, психологиялық, әлеуметтік және физикалық тұрғыда еркін болуы
маңызды.
Л.С.Выготскийдың пайымдауынша, баланың зейінінің даму тарихын оның тәртібін
ұйымдастыруының даму тарихымен салыстыруға болады, ал бұл құбылыстың генетикалық түсінігінің
мәніне жету үшін баланы қоршаған ортаға қарау маңызды. Сондықтан ерікті назар аудару баланың
зейінін бағыттап, басқаратын ынта, тәсілдер арқылы туындайды. Ынталандыруға жарық, ерекше
сипаттағы қоршаған ортадағы заттарды жатқызуға болады. Нәтижесінде бала өз зейінін өзі басқаруды
үйренеді.
Осылай Л.С.Выгоский өзінің зейінді дамыту теориясын негіздеп, оны мәдени даму деп атаған.
Ғалымның пікірі бойынша бала (ересек адамның көмегімен) жасанды ынта (белгілер) тізбегін меңгеруі
мүмкін және сол арқылы келешекте өз тәртібі мен зейінін басқара алады.
Дж. Брунердің когнитивті, мәдени–тарихи психологияға негізделген педагогикалық идеялары
заманауи білім берудің көптеген өзекті мәселелерін ұтымды шешуге ықпал етеді. Дж. Брунер
педагогикасы белсенді, жан дүниесі еркін, жауапкершілігі бар, қоғамда сәтті өмір сүретін, тиімді
ынтымақтастық орната алатын, басқа адамдармен қарым–қатынас орнататын, қабылданған мәдени
дәстүрлерді ұстанып, жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, оны шығармашылықпен өңдеп
байыта алатын адамды тәрбиелеу және оқытуды үйлесімді біріктіруге мүмкіндік береді.

Метатанымның үш құрылымды бөлшегі ұсынылады:
-метакогнитивті білім – адамның оқу туралы және өзінің ойлау үрдістерін білуі: зейінінің
тұрақтылығын, есте сақтау қай түрі жақсы дамыған, оқытудың қай әдісі оған тиімді және т.б;
-метакогнитивті реттеу – оқу барысын реттеу қабілеті;
-метакогнитивті тәжірибе – білім алу барысында адамның жинақтаған тәжірибесі.
Осы дағдыларды меңгере отырып адам өзінің танымын қалай жұмыс атқаратынын біледі
және ойлау мен ақпаратты қабылдаудағы өз қателіктерін байқай бастағанда білім алу бағытын
ауыстырып, нақты жағдайдағы міндеттерді шешуге қолайлы тәсілдер қолданады. Осындай өзін – өзі
бақылау оған жылдам және тиімді оқуға, икемді болуға мүмкіндік береді.
Мысалы, студентке күрделі тақырыпқа үлкен эссе жазу керек болса метатаным дағдысы
жоқ студент уайымдап көңіл күйі түседі, сенімсіздік пайда болып тапсырманы орындаудан бас
тартады.
Ал метатанымды меңгерген болса неге мен кідірдім деп ойланады, оның көңіл күйіне не
әсер етті және алға жылжу үшін не істеуім керек деп ойлайды. Сонда адам өзінің алыс жолға
жарамайтынын түсініп, өзіне үзіліспен жұмыс жасауға рұқсат етеді. Немесе тапсырманы орындау
үшін оның қай білімінде олқылық бар екенін түсінеді. Ондай студент «менің қолымнан келмейді»
демей, өзіне «осыны жасау үшін мен не істеуім керек?» деген сұрақ қояды.
Метакогнитивті дағдылар балалар мен ересектерге де қажет
Сарапшылардың пайымдауынша метакогнитивті дағдылары жақсы дамыған үлкен
адамдар мәселені жақсы шешеді, сыни көзқарасы бар, жаңа білім алуға қабілетті және ынтасы
жоғары, өз сезімдерін басқаруы ықтимал, қиындық пен кикілжіңдерді оңай еңсереді.
Бұл баланың дамуына да қажетті дағдылар. Метатаным әртүрлі жастағы балаларға сәтті
оқуға және өзінің таныс үрдісінің белсенді қатысушысы болуға көмектеседі.
Метатанымды психологияға Дж. Флейвел енгізген, бірақ метакогнитивті психология
мәселесі Л.С.Выготскийдің мәдени тарихи теориясында көрстілген. Аталған теорияға сәйкес жоғары
психикалық функциялар «өз реакцияларымызды меңгеру үрдісі» болып табылады, ал
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша бұл психикалық үрдістер Дж. Флейвелл сипаттаған
метакогницияға жатқызуға болады.
Дж. Флейвелл метакогнитивті үрдісті адамның өз танымдық аймағының және оны
бақылау ерекшеліктері туралы білім жүйесі деп анықтаған.
Зерттеуші метатанымның төрт компонентін қарастырған: метакогнитивті білім, тәжірибе,
мақсаттар және стратегиялар. Алғашқы екеуі Дж. Флейвелл «когнитивті мониторинг» деп атаған
адамның зияты жаңа қабілетке ие болатын кері байланысты білім беру болып табылады.
Метакогнитивті білім мен тәжірибе екі түрлі мақсаттарға бағытталған когнитивті және
метакогнитивті. Алғашқысы тікелей танымдық мақсатқа, екіншісі метакогнитивті мақсатқа
бағытталған (алынған білімді бағалау және түзету). Когнитивті стратегиялар таным үрдісін жүзеге
асыруға, метакогнитивті стратегиялар оларды бақылауға арналған. Осылай Дж. Флейвелл
метакогнитивті үрдістердің бақылау қызметіне және кері байланыс маңыздылығына назар аударады.
Сенсорлық жады (сенсорлық регистрлер) – тітіркендіргіш тоқтағаннан кейін сезім мүшелеріне
түсетін тітіркендіргіштердің сезім жүйесімен өңдеу нәтижелерінің сақталуын қамтамасыз ететін
гипотетикалық жадының ішкі жүйесі. Бұл ұстау өте қысқа уақытқа (1-2 секунд) орын алады. Сезім
мүшелерінің түріне қарай есте сақтау иконикалық (көру), эхоикалық (есту), тактильдік (сипап сезу) және
басқа да сезімдік есте сақтау түрлері болып табылады.[1]
Қысқа мерзімді жады - адам жадының құрамдас бөлігі, онда ақпарат сенсорлық жадтан,
қабылдау процестерімен өңделгеннен кейін және ұзақ мерзімді жадтан мақсатты (бақыланатын) және
еріксіз (стихиялы) процестерді (механизмдерді) пайдалана отырып алынады. еске түсіру, бұл сананың
тікелей пайдалануына қолайлы күйде аздаған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сақтауға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді есте сақтауды негізгі немесе белсенді жады деп те атайды. Ол қысқа мерзімді жадқа
қарағанда ақпаратты әлдеқайда ұзақ сақтауға қабілетті ұзақ мерзімді жадыға қарсы.
Ұзақ мерзімді жады - бұл ұзақ уақыт бойы ақпараттың шексіз мөлшерін сақтауға болатын ми
механизмі. Ұзақ мерзімді жадтағы естеліктердің өмір сүру ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше жылға
дейін өзгеруі мүмкін. Ұзақ мерзімді жады күнделікті тапсырмаларды қатесіз және тәуелсіз орындау үшін
өте маңызды.
Оперативті жады әрекеттің өзекті ісін қамтамасыз ететін үрдістер.
Аралық жады – ақпараттың бірнеше сағат бойы сақталуын қамтамасыз етеді, күндізгі уақытта
ақпаратты жинақтап, түнгі ұйқы уақытын аралық жадты тазарту және өткен тәулікте жинақталған
ақпаратты санаттау, оны ұзақ мерзімділікке беретін жады.

Есте сақтау - бұл кейіннен жаңғырту үшін кіріс ақпаратты таңдап алу және оны бұрыннан бар
ассоциативті байланыстар жүйесіне қосу жүзеге асырылатын белсенді процесс. Адамға оның есте сақтау
қабілетінің дамуы ең алдымен есте қалған ақпаратты мағыналы өңдеуге байланысты болатыны тән. Егер
ерте балалық шақта, ең алдымен, тікелей есте сақтау жүзеге асса, кейінірек, ересек адамның өмірінде
шешуші мәнге ие делдалдық жады қалыптасады.
Есте сақтауда оң рөлді жүйелі қайталау, бастапқы элементтер ассоциативті байланыстардың
жаңа жүйесіне енгізілген кезде атқарады.
Жадында сақтау – бұл білім мен ақпаратты сақтау, сақтау қабілеті. Жақсы немесе нашар есте
сақтау туралы айтатын болсақ, онда, әдетте, біз индивидтің үлкен көлемдегі ақпаратты, ұғымдарды,
идеяларды, анықтамаларды, тәжірибені және т.б
Тану - есте сақтаудың, ойлаудың және қабылдаудың түйіскен жерінде орналасқан психикалық
процесс, ол қабылдаудың есте сақтауда белгілі бір байланыстары бар бұрыннан таныс бейнелерді тез
түсіндіру қабілетінен тұрады. Тануда (сондай-ақ жаңғыртуда) із қалдыру және есте сақтау көрінеді.
Танусыз қабылдау саналы мағыналы процесс ретінде өмір сүре алмайды. Сонымен қатар, тану -
бұл қабылдау ішінде сақтау және жаңғырту.
Кайта жаңғырту - өткен тәжірибені, бұрын алынған білімдерді, тәжірибелі сезімдерді өзектеуден
тұратын есте сақтау үрдісі.
Сократтық әңгіме – батыс философиясының негізін салушы ежелгі грек философы Сократ
қолданған академиялық пәндерді оқып-үйрену және оқыту әдістеріне негізделген студенттермен топтық
диалог. Оқу орындарындағы сабақтардың көпшілігі дәріс түрінде өткізілсе, онда ақпарат оқытушыдан
студенттерге тікелей беріледі, Сократтық әңгіме диалог түріндегі мәселелерді талқылауға көбірек
негізделген. Сократ студенттерге жай ғана ақпаратты беруден гөрі, өз бетінше ойлауға көмектесу
әлдеқайда тиімді деген идеяны ұстанды.
Мерсер оқу пәндері жиі кездестіретін әңгімелесудің үш түрін ажыратты: кумулятивтік, басқа
қатысушылардың айтқанын барлығы қабылдайтын және келісетін әңгіме. Әрбір қатысушы өз ақпаратын
ұсынатын зерттеушілік әңгіме
Әңгімелесу – пікірталас, «пікірлер қайшылығы болып, әркім өз шешіміне келеді; қарым-қатынас
көбінесе «Иә, солай!» - «Жоқ олай емес!»; бәсекелестік атмосферасы».
«Бұл – білім алмасатын, басқалардың айтқанын әркім қабылдап, келісетін әңгіме; әңгімеге
қатысушылар басқалардың идеяларына төзімділікпен қарайды; идеялар қайталанады және әзірленеді,
бірақ әрқашан мұқият бағаланбайды»
Зерттеушілік әңгіме – алдын ала жоспарланған жоспар бойынша зерттеуші мен зерттелуші арасындағы
диалог. Бұл респонденттің мінез-құлық мотивтерін, құндылық бағдарларын, сезімдерін, тәжірибесін
анықтаудың ең тиімді әдісі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) біздің өмірімізде, соның ішінде қарым-
қатынас пен оқуда барған сайын маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бұл технологияларды оқушылар
мен жалпы оқу қоғамдастығы үшін тиімді пайдалана білу қажет.
ЮНЕСКО АКТ білім берудің қолжетімділігі мен әділдігіне, оқу мен оқыту сапасын арттыруға,
мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ете алады деп есептейді. Сонымен қатар, сәйкес
саясаттар, технологиялар және мүмкіндіктер бар АКТ білім беруді басқаруды, көшбасшылықты және
басқаруды жақсартуға көмектесе алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырып: «Оқыту үрдісін жүзеге асырудың технологиялық компоненті ретінде оқыту құралдары,
түрлері, әдістері. Оқуға танымдық көзқарас. Метатаным»
Қарастыратын сұрақтар:
1.Оқыту үрдісі туралы жалпы мәлімет;
2.Оқыту құралдары, түрлері мен әдістерінің ерекшеліктері;
3.Оқуға танымдық көзқарастың басым бағыттары;
4.Метатаным туралы жалпы түсінік.
Тапсырмалар:
1.АКТны қолдана отырып, төмендегі тақырыптар бойынша презентация жасау: 1. Оқыту түрлері
және әдістері;

2.Оқыту құралдары.
3.Метатаным туралы түсінік.
4.Оқытудың сабақтан тыс формалары.
Өткізу формасы: жеке, топтық жұмыс, презентация
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау барысында оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
қолдану керек. Презентация 15 беттен кем болмауы керек.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ)
ШЕҢБЕРІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
Әдістемелік ұсыныстар: Дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді талдауға сүйене
отырып, ұсынылған тапсырма бойынша презентация жасап, қысқа мерзімді жоспар құрыңыз. Жасаған
жұмысыңызға жүйелі таныстырылым жасап, өз ойыңызды жазбаша дәлелдеңіз.
Өткізу түрі: таныстырылым жасау, әңгімелесу, кеңес беру, жоспарлау, тексеру, талқылау.
Тақырып: «Оқыту түрлері және оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері»
Тапсырма:
1.Оқыту түрлеріне жекелей тоқталып, презентация жасаңыз. Бір оқыту түрін таңдап, сол оқыту
түріне басяндама жазыңыз. Ойыңызды жазбаша дәлелдеңіз.
ОСӨЖ нысаны: жеке жұмыс.
ОСӨЖ өткізу түрі: презентация, жазбаша жұмыс.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: Жұмыс жасау барысында
презентация талаптарын ескеріңіз. ҚМЖ құрастыру барысында оқыту түрінен ауытқымаңыз.