мынадай сөзiн еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн, ол өз мақсатына жету үшiн адам
денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн
барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады».
Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл «адамтанушы» ғылымдардың
– философия, әлеуметтану, психология, тарих, физиология, этика, зстетика, биология,
медицина, кибернетика, лингвистика және т.б. терең ғылымаралық синтезiнiң қажеттiлiгiн
объективтi түрде дәлелдеп отыр. Мұндай түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың
маңызды саласының бiрiне айналуда, көптеген қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының
мәлiметтерiн өз пәнiнде синтездеушi адам тәрбиесi жөнiндегi интегративтi ғылымға
айналады. Бұл педагогика ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. Шындығында да
педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат
етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден-бiр ғылым.
Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен
практика сөз жоқ бөтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап
алуы керек. Педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын
оны барлық жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын жасау, кешендi
педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң
мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу
әрекетiнде олардың өзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.
80 жылдардың ортасында біздің еліміздегі басталған қайта құру үрдісінің толқуы
адамзат іс-әрекетінің барлық аймағын қамтыды, олар: саяси жүйені, мемлекеттік
құрылымды, құлықтық құндылықты, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық
қатынастарды. Білім берудегі негізгі қайта құрылу-педагогикалық ойлардың өзгеруі,
авторитарлық педагогиканы демакратиялық педагогикаға қайта бағыттау еді. Қазіргі
заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының
барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі. Бүгін педагогика – бұл
жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең көлемде өзара байланысты біріктірілген және
жіктелген үрдіс, олар: философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика,
саясаттану, экономика. Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми құбылыстарды
көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың себебін анықтайды және білім берудің
ықпалын адамда болатын өзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді. Педагогиканың
ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса
бастайды.
Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін,
яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша
педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-
тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық
процестегі білім беру ісі болып табылады. Педагогиканың нысаны – объективті
шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. Зерттеушілер педагогиканың нысанын индивидтің
дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық ретінде қарастырады.
Педагогика – адамды педагогикалық процесте өмір бойы дамытудың құралы және
факторы ретінде қарастырыады. Оның мәнін, заңдылықтары н, ағымдарын, даму
бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Педагогика бұл тұрғыдан
педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, педагогтың іс-
әрекетін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері мен
оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.
Бiлiм беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты мiндеттемелердiң
бiрi оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiру. Жаңашыл оқытушылар дәріс, семинар,
практикум, конференция, iскер ойын сияқты әдiстердi дәстүрге енгiзiп отыр.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен тҧрады:
Түсіндірмелі кезеңде әдістеме педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктерін