мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және
дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-
әрекеттерінің ынтымақ-тастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің
балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтас-тық, өзін-өзі
құрметтеу идеясы , өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбие – бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие – баланы
қалыптастырудағы негізгі күш. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі
тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету қажет. Педагогикалық
қолдау –қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы. Педа-гогикалық қолдау баланың
дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым - қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік
анықтауы мәселелерін ше-шуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін
қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынас-тар, қарым-
қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. қамтиды. Педаго-гикалық қолдау мұғалімнің
педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті
пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.
Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасын-дағы қарым-қатынастан
басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық- психологиялық жағдай жасау; тұлғаның
ішкі жан дүниесін сезіну, тұлғалық, тұлғаралық қасиеттерін түсіну және іс - әрекетке
еркіндік беру, жақсы нәтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуі, көмек көрсетуі,
оқушыға өмірден, қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишрат,
жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру, тәрбиеленушіге сенім, оның
құқығын қорғау, тәрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы, шәкірттің қандай да табысын
көре танып, оған ұнамды баға беруі т.б.
Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашы -лық іс-әрекетіне
қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді,
педагогтың қазіргі педагогиканың гу-манистік парадигмасын іске асыратын шаралары
болып табылады. Гу-манистік парадигмаізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер
жас-тарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете
түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап еті-леді. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне
тәрбиенің әдістері ынталан-дыру, бағалау, мадақтау т.б. негізінен басшылыққа алынады.
Педагогикалық қолдаудабаланың білімге қызығушылығын оя-туды ең басты мәселе деп
қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету
мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты
екіге бөлуге болады; бірінші қоғам алдындағы жалпы жоғары мұратқақол жеткізу және
екінші, көкейтесті мақсат - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы
тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптас-тыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен
нақтыланады.
Адамның интеллектісінің маңызды сапаларына оның талаптылығы, ойының тереңдігі,
жылдамдығы, логикалық ойлау, ой-лаудың дәлдігі, сыни тұрғысынан ойлауы, ойының
кеңдігі, интуи-цияның дамығандығы жатады. Интеллект феноменін толық түсіну үшін
оны көпдеңгейлі құрылым ретінде қарастыру керек. Себебі оны генетикалық, әлеуметтік,
іс-әрекеттік, феноменологиялық т.б. тұрғылардан қарастыруға болатыны белгілі. Осы
тұрғыларға сәйкес интеллектің көпдеңгейлік құрылымын көрсететін мынандай
анықтамаларын атап өтуге болады:
әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда интеллект – әлеуметтенудің және тұтас
мәдениеттің ықпалының нәтижесі;
генетикалық тұрғыдан, интеллект – адамның қоршаған әлеммен табиғи жағдайда
әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары;
үдерістік-іс-әрекеттік тұрғыдан, интеллект – адам іс-әрекетінің ерекше формасы;