- Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие
міндеттерін шешу арқылы мақсат-идеал жүзеге асады.
- Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері іс-әрекеттің
таңдалған мазмұнын да анықтайды. Іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік
тәжірибені меңгеруге бағытталуы керек. Әрбір адам материалдық, рухани
және әлеуметтік-нормативтік немесе адамгершілік мәдениетті меңгеруі
қажет. Материалдық мәдениет – бұл адамзат жасаған заттардың,
материалдық құндылықтардың (машиналар, жабдықтар, техникалық
құралдар, әртүрлі мақсаттағы заттар) жиынтығы. Рухани мәдениет (кейде
интеллектуалды деп те аталады) бұл ғылымда, өнерде және дінде
сипатталған адамдардың табиғи және әлеуметтік ортаны қабылдауы мен
көрсетуінің белгілі бір деңгейі. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың
қоғамдық өмірін ұйымдастырумен (экономикалық, құқықтық, саяси,
этикалық және т.б.) байланысты.
- Педагогикалық процестегі құралдар іс-әрекет түрлері болып
табылады. Негізгі әрекеттер: қарым-қатынас, ойын, еңбек.
- Іс-әрекет форма арқылы жүзеге асады. Форма біртұтас
педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекетін қалай
ұйымдастыру керектігін және осы ерекшеліктерді көрсетеді. Формаларға
сабақ, семинар, конкурс жатады.
- Форманы жүзеге асыру тапсырмаларды шешу тәсілдерін, яғни
белгілі бір әдістерді қолдануды талап етеді. Әдіс-тәсілдер - әрекет құралы,
сондықтан әдіс-тәсілдерді мұғалім ғана емес, оқушылар да меңгеруі керек.
«Еңбек құралдарын» (әдістерін) меңгерген оқушы білім алудың жолын
үйренеді. Әдістерге бақылау, әңгімелеу, кітаппен жұмыс, жаттығу,
әңгімелесу, есептер шығару және т.б. жатады. Әдіс-тәсілдерді меңгеру
арқылы оқушылар педагогикалық процесте белсенді ынтымақтаста болып,
тапсырмаларды орындайды, әрекет субъектісіне айналады.
Педагогикалық процесс дамуының жоғары деңгейі, мақсаттың
бірлігі және өзара әрекеттесу нәтижесі жүйенің негізгі интегративті сапасы