қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты,
халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке
бейім, ана тілін және шетел тілдерін еркін менгерген, сапалы білім алған,
құзыретті, дарынды, өзінің бола-шақ кәсібін таңдай алатын азамат
тәрбиелеу.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам,
адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.
Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға
тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін
ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі біртұтас
педагогикалық үдеріс шеңберінде қарастырылады.
Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың
жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.
Осыған байланысты тәрбиенің негізгі мақсаттары мынадай:
- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру;
- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып,
талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді
шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық
қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам,
отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз
мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз
тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі
тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.
3. Біртұтас педагогикалық үдерістің жүйе құраушы факторы
ретінде тәрбие мақсатын ашу.
Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі-ретінде
тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын
шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін
оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі
тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.
Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара байланысы
педагогикалық үдерісінің мақсаттылығы нақты өмір талабына сай белгіленсе
ғана өз нәтижесін береді. Оны тәрбиешілер өз қалауымен анықтай алмайды.
Себебі тәрбие мақсаты қоғамның саяси-экономикалық, мәдени даму
деңгейімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат
етуіне орай, қазіргі заман оқушыларын тәрбиелеу мақсаты ізгілікті, білікті,
мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қатынас мәдениеті
жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға
бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Әр жеке адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет.
Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі
уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары,