"ПАНЕРГЕСИЯ " - "Барлығы - жалпы ояну", "ПАНАВГИЯ" - "Жалпы түсінік
келу", "ПАНСОФИЯ" - "Жалпы даналық", "ПАМПЕДИЯ" - "Жалпыға ортақ - тәрбие",
"ПАНГЛОТТИЯ" - "Жалпыға ортақ тіл", "ПАНОРТОССИЯ " - "Жалпы түзету",
"ПАННУТЕСИЯ " - "Жалпы ынталану".
Алғашқы екі бөлім атордың тірі кезінде жарық көрген. Қалған қолжазбалар, ХХ
ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында ғана табылып, 50-ші жылдардағы жарыққа
шықты.
"Панегерсия" Я. А. Коменскийдің ауқымды еңбегінің кіріспесі болды. Мұнда оның
келесі пайымы көрініс алған - адам өмірін ұйымдастырудың мәні: даналық ойлар,
жүректің тақуалығы, тәртіпті сақтау. Я А. Коменский мұның бәрі іс жүзінде жоқ немесе
бір-бірімен келісілмеген деп тұжырымдаған: даналық - тек кітаптарда, дін пұтқа айналады
- ғибадат ету - адамдар арасындағы ұрыс-керістердің себебі, азаматтық басқарудағы
келіспеушілік – соғыстарға әкеледі. Осы ақауларды түзететін тек адамдар.
«Панагвия» Я.А.Коменскийдің кейінгі барлық дәлелдерінің философиялық негізіне
арналған, оның пайымдауынша барлық адамдардың дұрыс мінез-құлқы бар нәрсені дұрыс
түсінуге негізделуі керек. Өзінің сүйікті салыстыру және ұқсастық әдісін қолдана отырып,
Я.А. Коменский бар нәрсені түсіну үшін адам даналыққа, табиғи ақылға және өз ерік
жігерін тірек ету керек деп тұжырымдады. Сол үшін оған сезім, ақыл, сенім берілген.
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдеріндегі мектеп
"Пансофияда" Я. А. Коменский адам танымының тақырыбы не болуы керек өзінің
түсінігін ашты. Бұл, оның терминологиясы бойынша, идеялар әлемі (прототиптер әлемі),
рухани әлем, материалдық әлем, моральдық әлем, адам еңбегінің әлемі, жан әлемі,
мәңгілік әлем.
Мұғалімдер үшін үлкен қызығушылық тудыратын "Адам істерін түзету жөніндегі
жалпы кеңестің" төртінші бөлігі "Пампедия", өйткені Я.А. Коменскийдің тәрбие ен білім
беруге арналған барлық педагогикалық идеяларының жиынтығы. Бұл еңбектің негізгі
мақсаты автордың - өскелең ұрпақты жетілмеген адамзат қоғамын қайта құру үшін қалай
дайындау керектігін адамдарға көрсету.
Тәрбие туралы алғашқы идеяларын дамыта отырып, Я. А. Коменский "Пампедияда" өте
тиімді ой білдірді адамның бүкіл өмірі мектеп болуы керек. Егер "Ұлы дидактикаға" ол
төрт мектеп туралы айтса – аналар мектебі, ана тілі, гимназия және академия,
"Пампедияда" оның басты тәлімгері және оқулығы өмірдің өзі юолып табылатын жетілу
шағы және кәрілік мектептері туралысөз етеді. Ұлы ойшыл педагогтың осы сөздерінде
заманауи үздіксіз білім берудің тұжырымдамасының жетекші идеясы бар деуге болады.
"Адам істерін түзету жөніндегі жалпы кеңестің" бесінші бөлігі "Панглоттияны" Я. А.
Коменский тіл мәселесіне арнаған, өйткені іс жүзінде адамдар арасындағы қарым-
қатынастың бірден бір құралы, оларды оқыту және білім беру құралы. Өз дәуірінде
ұлттық тілдер дамымаған жағдайда барлық адамдарды пансофикалық тұрғыдан білімді
ету Я. А. Коменскийге өте қиын іс болып көрінді және ол құрылымы бойынша қатаң
логикалық, заттардың мән мағынасын көрсететін жақсы дамыған сөздік құрамы бар жаңа
тіл құру идеясын білдірді.
Я. А. Коменскийдің әлемдік, халықаралық әмбебап тіл құру идеясы ХІХ ғасырдың
80-ші жылдары өте ұқсас түрде - "эсперанто" деген атпен белгілі осы уақытқа дейін
насихатталған жасанды тіл түрінде қайта жанданды.
"Панортосияда" Я. А. Коменский адамзат қоғамын реформалау идеяларын үш
салада - ағарту, дін, азаматтық басқару бойынша жүзеге асыру жолдарын қарастырады.
Бұған жету үшін ол бірқатар халықаралық ұйымдар құруды ұсынды: жарық алқасы -
шынайы білімді таратуға қамқорлық жасайтын ғылымның көрнекті өкілдерінің
жиналысы, мектептерді бақылап, шығарылатын кітаптардың сапасын қадағалайтын еді;
мемлекеттер арасындағы қарым қатынасты қарап, олардың арасындағы қақтығыстарды
бейбіт жолмен шешетін Әлемдік сот; Бүкіләлемдік консистория – рухани басқару,
христиан дінінің тазалығына қамқорлық жасау керек. Осы монументалды туындының