Серверлер ұғымына жалпы шолу. Техникалық және кәсіптік білім орындары студенттеріне арналған.pptx
AsiyaUrazova
0 views
14 slides
Oct 01, 2025
Slide 1 of 14
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
About This Presentation
Серверлер ұғымы. Жалпы шолу, лекция
Size: 1.79 MB
Language: none
Added: Oct 01, 2025
Slides: 14 pages
Slide Content
Серверлер ұғымына жалпы шолу Лекция 1. Кіріспе
Сервер Сервер ( ағылш . server) — файлдар , қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды , сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.
Сервер қызметі (мамандандырылған бекет, арнайы процессор) 2.Басқа программаларға ( клиенттерге ) қызмет ететін , солардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программа . 1.Есептеу желілері құрамындағы бірнеше компьютерлерге ортақ шалғай құрылғыларды : лазерлік принтерді , дискілерді , модемді пайдалану кезегін тағайындап отыратын негізгі түйінді компьютер. Мұндай серверде нәтижесін бірнеше тұтынушы ( клиенттер ) пайдаланатын қолданбалы программа да жұмыс атқара береді ;
DNS- сервер Ти i ст i хаттама бойынша сұрау салулар DNS қа жауаптары үш i н қолайлы қосымша . DNS сонымен б i рге - сервермен қосымша i ске қосылған хост деп атай алады .
Веб сервер Веб сервер ( ағылш . Web server ) веб контентке ( мәліметтер қоры , құжаттар т.б ) интернет арқылы қол жеткізуге мүмкіндік беретін компьютер немесе бағдарламалық жасақтама . Веб серверлер веб сайттардың хостингінде , мәліметтерді сақтау және т.б . мақсаттарда кеңінен қолданылады .
Клиент — сервер Клиент –сервер моделі ( ағылш . Client-server model) — есептеу техникасы архитектурасының моделі сервер мен клиент арасындағы клиент сұратқан қызмет сұратуларына сервердің берген ресурс немесе қызметтер жұмыстарын бөліп таратып үйлестіріп тұратын үйлестірілген қосымша ( distributed application) қызметі .
Файл — сервер Файл-сервер жергілікті желінің ядросы болып табылады . Әдетте жоғары өнімді мини- компьютерлер операциялық жүйені жүктейді және желі арқылы берілген мәліметтер ағымын басқарады . Жекелеген жұмыс станциялары және кез-келген бірге пайдаланылатын перифериялық құрылғылар , мысалы принтерлерлер , - барлығы файл- серверге қосылады.Әрбір жұмыс станциясы өзінің дискілік операциялық жүйесімен басқарылатын ( DOS, Windows немесе Linux тәрізді ) кәдімгі дербес компьютерді көрсетеді
Иерархиялық желілік сервер Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалык қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады: • серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе; • жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету,
Басып шығару сервері — басып шығару құрылғысы , қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді , олардың орындалу кезегін ұйымдастырады ; Факс-сервер ( fax server) – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.
Деректер базаларының сервері — деректер базасы файлдарын сақтау , өңдеу , басқару жөне жұмыс сатнциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер. Қолданбалы программалар сервері ( application server) – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.
Пошта сервері Жергілікті желілер , бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады .
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады . Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар: 1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады . 2.Сақина топологиясы - деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады .
3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады . 4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса , онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп , оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды , көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді .