жақты және
жақсыз сөйлем
Сөйлем мүшелерінің қатысуына
қарай жай сөйлем бірнеше түрге
бөлінеді:
жалаң және
жайылма
сөйлем
толымды
және
толымсыз
сөйлем атаулы
сөйлем
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-
қатыспауына қарай жай сөйлем
жалаң және жайылма болып
бөлінеді.
Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек
тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен
баяндауыштан – ғана құралған
сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
Мысалы, Айман келді. Сағат тоқтады. Күн
салқындады. Қар жауды. Жел соқты.
Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз
мүше қатысқан сөйлем жайылма
сөйлем деп аталады.
Мысалы, Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет,
жүн және басқа өнімдерді экспортқа шығарады.
Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.