Мектептегі биогумус индустриясы М тарихы

MuhamedrahimKursabaev1 56 views 6 slides Nov 02, 2024
Slide 1
Slide 1 of 6
Slide 1
1
Slide 2
2
Slide 3
3
Slide 4
4
Slide 5
5
Slide 6
6

About This Presentation

Білім мекемелері жанынан органикалық қалдықтарды (биогумус, вермикомпост) өңдеу арқылы оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері (авторлары Сай...


Slide Content

МЕКТЕПТЕ БИОГУМУС ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ ШОЛУ
(Сейдахметов Б.С, Курсабаев М.К)

Білім мекемелері жанынан органикалық қалдықтарды (биогумус, вермикомпост) өңдеу
арқылы оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері (авторлары
Сайдахметов Б.С, Курсабаев М.К) жобасы туралы есеп (2022-2024). Аталмыш жоба туралы
идея Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 2022 жылы пайда болды. Американдық
шылаушындарды Шымкенттен автобус арқылы алдыртып, Алматының шетіндегі Байсерке
ауылында эксперимент ретінде өсірдік. Жаз бойы күтіп, қыс кезінде аяз болғандықтан
көптеген қателіктер болды. Бірақ, біздер оны қалай өсіру керектігін, күтімін және басқа
технологиясын білдік. Ақырында мектептер жанынан агробиологиялық парк ашу туралы
Концепция жасауды қолға алдық. Біріміз географ-эколог, екіншіміз педагог-менеджер
ретінде 3 айға жуық ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстарды жүргіздік. Шет елдік,
отандық вермитехнологиялық компаниялар мен жасыл технология саласындағы
ғалымдардың еңбектерін сараладық. Өкінішке орай "Агробиологиялық парк" идеясы
бюрократизм салдарынан тығырыққа тірелді.



Бағымызға қарай 1980 жылдары Бауыржан екеуіміз оқыған Жаркент педагогикалық
колледжінің бұрынғы директоры Баян Сауранбаева бізге қолдау көрсетіп, нәтижесінде 2023
жылдың сәуірінде Жаркентте «Колледж және мектеп жанынан биогумус өндіру арқылы
оқу-тәжірибелік алаңын ашу» тақырыбында 21.04.2023 жылы өңірлік ғылыми-практикалық
семинар өткіздік. Оған аудан Әкімі Сағымбек М.Р, ҰҚА Академигі т.ғ.д, Арынов Қ.Т, Қазақ
ұлттық аграрлық зерттеу университеті профессоры, а.ғ.к, Бекбауов М.Д, Qazverm
кооперативі Төрағасы Тұлғамбаев П.О және Жетісу облысына қарасты аудан
орталықтарынан мұғалімдер мен білім мекемелері жетекшілері қатысты.

Семинар соңында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық коледжі территориясында
«Qazverm» кооперативі басшысы П.О.Тұлғамбаевтың демеушілігімен арнайы
шылаушындарға арналған «бурт» орналастырылып, мал тезегі мен басқа органикалық
қалдықтар араласқан көңге жауын құрттары жіберілді. Бірақ, колледж директорының
құрметті демалысқа шығуына байланысты жоба жүзеге асырылмады.



Ұлттық құндылықтар академиясы РҚБ мен Алматы облыы білім басқармасы арасындағы
келісім-шарт негізінде 23.10.2023 күні Алматы облысы білім басқармасы мен Ұлттық
құндылықтар академиясы ұйымдастыруымен "Ұлттық құндылықтар ХХІ ғасырдағы рухани
шамшырағымыз" тақырыбында Есік қаласындағы Райымбек батыр мектебінде 1-облыстық
жас көшбасшылар Слеті болып өтті. Слет барысында мектеп директоры Салтанат
Турикбаевамен жақын танысудың арқасында болашақта ҰҚА бірлесе отырып ғылыми-
шығармашалық жұмыстар атқару туралы кездесу болды.

2024 жылдың наурызында Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен
«Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Курсабаев М.К.,Сайдахметов
Б.С.,Мадибекова И.Ж авторлық бірлестікте «Мектеп оқушыларына органикалық
тыңайтқыштарды өңдеу еңбегінде ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері»
тақырыбында баяндама оқылды.
https://www.slideshare.net/slideshow/2024-50af/266758515



9.04.2024 Абай атындағы ҚазҰПУ базасында "Ғылым декадасына" орай Еңбекшіқазақ
ауданы “Райымбек батыр атындағы орта мектеп” КММ Турикбаева Салтанат Рысбековна -
мектеп директоры, Рахаева Гульжан Сламжановна - директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары, Ораз Жандосов ат. орта мектептен Джамешева Айжан Толеуовна мектеп
директоры, Калкабекова Гульмира Есенбаевна тарих пәнінің мұғалімі, Мадибекова Марал
Жаксылыковна биология пәнің мұғалімі, Абельнур Іңкәр 9 сынып, Билибай Назерке 9
сынып, Елубай Амина 9 сынып, Тәліпбай Еркеназ 9 сынып, Мәлік Айсана 9 сынып,
Демченко Руслан 10 сынып, Миятбеков Темірлан 10 сынып, Мәлік Ернұр 8 сынып, Бекәділ
Бекзат 8 сынып, Айдарбек Назерке 10 сынып, Шурманов Қуандық 9 сынып, Тастан
Тұрсынжомарт 10 сынып, Тоғамбай Әли 10 сынып, Алиев Юнус 10 сынып
және ғылыми жетекшілері ҚазҰПУ профессорлары Сайдахметов Б.С, Курсабаев М.К
университет ұстаздары алдында "Органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы биогумус
дайындау" тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, болашақта бірлесен StartAp жобасын қолға
алу жөнінде маңызды мағлұмат берді.

https://www.facebook.com/photo.php?fb

2024 жылдың 18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары ұйымдастыруымен Есік
(Алматы облысы) қаласында «Мектеп оқушыларына органикалық қалдықтарды өңдеу
еңбегі арқылы ұлттық тәрбие беру» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық
конференция өтті. Жиынның негізгі мақсаты жоғары оқу орындары мен мектептер
арасындағы ынтымақтастықты арттыруда, оқушылардың ерте жастан биогумус
шаруашылығының қыр-сырын ұлттық тәрбие арқылы еңбекке баули отырып, үйренуге,
меңгеруге, өнім өндіруге, қаржылық сауаттылығын арттыра отырып, стартап жобаларды
жоспарлай білудегі Абай университеті ғалымдары ұсынған пилоттық жобаның нәтижесін
қорытындылау болды. Еңбекшіқазақ ауданының жас зерттеушілері мен О.Жандосов
атындағы орта мектеп оқушылары конференцияға қатысушыларды аз уақыт ішіндегі
атқарған жұмыстары, атап айтқанда жасыл технология, органикалық және тұрмыстық
қалдықтарды өңдеу, экотұрмыстық бұйымдар жасау, «MicroGreen» және биогумус
өнімдерін өндіру бойынша ашық көрмеде таныстырды. Конференцияға Қазақстанның
Еңбек Ері Миразова А.Т, Алматы облысы білім басқармасы «Жас дарын» орталығының
бөлім басшысы Сулейменова К.О, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі әдістемелік
орталығының басшысы Тортаева А.Т, Ұлттық құндылықтар академиясы РҚБ Төрағасы
Дүйсебек Ә.Т, ҰҚА Академигі Арынов Ақмола облысы, Бурабай ауданы №9 мектеп-
гимназия директорының орынбасары Бекетай Б.А, ҚР Ұлттық кооперативтер және
экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы Президенті Шайх
Қ.А, директор школы имени О.Жандосова Джамешева А.Т, Абай атындағы ҚазҰПУ
ғалымдары Әлмұхамбетов Б.А, Сейдахметов Б.С, Ибраимов М.Б, Курсабаев М.К және
мұғалімдер мен білім мекемелері басшылары қатысты.



На базе школы прошла конференция по развитию индустрии биогумуса

По инициативе ученых КазНПУ имени Абая 18 октября 2024 года в городе Иссык
Алматинской области состоялась Республиканская научно-практическая конференция на
тему «Воспитание школьников на основе национальных ценностей посредс твом
переработки органических отходов в процессе общественного труда». Основной целью
конференции была подведение итогов пилотного проекта, предложенного учеными
КазНПУ имени Абая в расширении сотрудничества между педагогическими вузами и
школами, приобщение учащихся к труду с ран него возраста через воспитание
национальных ценностей, умению, обучения и усвоения производств экологически чистых
продуктов, на основе планирование Strartup-проектов, повышая финансовую грамотность и
личного вкалада в развитии индустрии биогумуса. Во время выставки юные исследователи
Енбекшиказахского района и учащиеся школы имени О. Жандосова презентовали
участникам конференции о результатах проделанных работ на основе зеленых технологий,
в частности по переработке органических и бытовых отходов, конструкции экологических
бытовых изделий, по производству продукции «MicroGreen» и биогумуса выращенные и
созданные на территории школы.
В конференции приняли участие «Қазақстанның Еңбек ері» Миразова А.Т,
руководитель отдела центра «Жас дарын» управления образования Алматинской области
Сулейменова К. О, руководитель методического центра Енбекшиказахского районного
отдела образования Тортаева А.Т, председатель РОО "Академия национальных ценностей"
Дуйсебек А.Т, ученый-химик, профессор Арынов К.Т, зам.директора гимназии №9
Бурабайского района Акмолинской области Бекетай Б.А, Президент Ассоциации
национальных кооперативов и других форм экономических сообществ РК Шайх К. А,
директор школы имени О. Жандосова Джамешева А.Т, ученые КазНПУ имени Абая

Альмухамбетов Б.А, Сейдахметов Б. С., Ибраимов М. Б., Курсабаев М. К, учителя и
руководители учреждения образования.


A conference on the development of the biohumus industry was held at the school.

On the initiative of scientists from KazNPU named after Abai, on October 18, 2024, a
Republican scientific and practical conference was held in the city of Issyk (Almaty region) on the
topic "Educating schoolchildren based on national values through the processing of organic waste
in the process of public labor." The main goal of the conference was to summarize the results of a
pilot project proposed by the scientists of Abai University, aimed at expanding cooperation
between pedagogical universities and schools, engaging students in labor from an early age
through the promotion of national values, teaching, learning, and mastering the production of
environmentally friendly products based on the planning of startup projects, increasing financial
literacy, and contributing personally to the development of the biohumus industry.

During the exhibition, young researchers from the Enbekshikazakh district and students of
the school named after O. Zhandosov presented the results of their work using green technologies
to the conference participants, particularly in the processing of organic and household waste, the
design of eco-friendly household products, the production of "MicroGreen" products, and
biohumus, all of which were grown and created on the school grounds.
The conference was attended by "Қазақстанның Еңбек ері" Mirazova A.T., Head of the "Zhas
Daryn" Center of the Department of Education of the Almaty region Suleimenova K.O., Head of
the Methodological Center of the Enbekshikazakh District Education Department Tortaeva A.T.,
Chairman of the "Academy of National Values" Duisebek A.T., chemist and professor Arynov
K.T., Deputy Director of Gymnasium N9 of the Burabay district of the Akmola region Beketay
B.A., President of the Association of National Cooperatives and Other Forms of Economic
Communities of the Republic of Kazakhstan Shaikh K.A., Principal of the O. Zhandosov School
Dzhamesheva A.T., scientists from Abai University Almakhambetov B.A., Seidakhmetov B.S.,
Ibraimov M.B., Kursabaev M.K., as well as teachers and heads of educational institutions.